§ 46–47. Мультимедианы енгізу

Альмаханова Гулдана Алибекқызы

Последнее обновление 5 месяцев назад

    Мультимедиа – мәтін, графика, анимация, сандық бейнелерді, бейне, дыбыс сияқты деректер типін енгізуге, өңдеуге, сақтауға, беруге және бейнелеуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.
    Web-беттердің басқа web-беттерге қатысты сілтеменің болуы – World Wide Web жүйеле рінің ең тартымды ерекшелік терінің бірі.
HTML құжатында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар ашылатын және қарапайым
жазылатын тегтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді
есте сақтаған жөн.
    Фреймдер. Фрейм құрылымы. HTML тілі браузер программасы терезелерін бірнеше бөлікке бөліп тастау мүмкіндігін береді және олардың әрқайсысында жеке құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз.
  1) Фреймдерді құру үшін HTML-дің ерекше құжаты пайдаланылады, оның құрылымы кәдімгі құжаттардан бөлек болады.
Осындай құжаттарда құжат «денесінің» бөлімдері болмайды, олшын мәнінде қандай да болсын мәтінде мүлде болмайды. Оның орнына бұл құжаттарда < FRAMESET > және < /FRAMESET> тегтерінің арасында орналасқан фреймдер болады.
  2) тегі, терезелерді бөлу әдістерін анықтайтын атрибуттар:
  • COLS = атрибуттарын пайдаланған уақытта терезелер вертикаль сызықтармен;
  • ROWS = атрибутын пайдаланған уақытта горизонталь сызықтармен бөліктерге бөлінеді.
Осы атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің биіктігін (немесе енін) анықтайды. Әр бағанға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша үтірлер арқылы немесе процентпен (% белгісі) беріледі.

Тапсырма 1. «Мультимедиа енгізу алгоритмі»
Мақсат: web-бетке сурет, аудио және бейне енгізу ретін анықтау.
Қадамдарды дұрыс ретімен орналастыр:
  1. HTML файл құру
  2. Сурет, аудио, бейне файлдарын бір бумаға сақтау
  3. <body> бөлігіне сурет тегін жазу
  4. Аудио тегін жазу
  5. Бейне тегін жазу
  6. Браузерде нәтижені тексеру
  7. Қате болса, файл атауын және тегтерді түзету

Тапсырма 2. «Блок-схема құрастыр»
Тақырып: Web-бетке аудио қосу алгоритмі.

Тапсырма 3. «Практикалық жұмыс»
Тақырыбы: «Менің өмірбаяным»
Web-бет жаса. Web-бетте мына элементтер болсын:
  1. Тақырып: Менің өмірбаяным
  2. Өзің туралы 4–5 сөйлем
  3. Өз суретің
  4. Сүйікті музыкаң
  5. Өміріңдегі қызықты сәт туралы бейне
  6. Сурет ортада орналассын



Эта статья была вам полезна?

0 из 0 понравилась эта статья

Все еще нужна помощь? Напишите нам