§ 41–42. Кестелер

Альмаханова Гулдана Алибекқызы

Последнее обновление 5 месяцев назад

Естеріңе түсіріңдер:
• мәтінді форматтау тегтері;
• тізімді шығару тегтері;
• сырғымалы жолдарды шығару тегтері
Меңгерілетін білім:
• ML-де кестелер мен жұмыс жасау;
• кестелерді шығару тегтерін білу.

          Кесте – web-сайттың негізгі бөліктерінің бірі. Кесте мынадай бөліктерден тұрады:
  • кесте тақырыбы;
  • бағандар тақырыптары;
  • ұяшықтар.
          Кесте жолдар тізбегі бойынша біртіндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейін, содан соң келесі жолға көшу арқылы). Әрбір ұяшыққа мәліметтер енгізіледі.
          Кесте құру <TABLE> және </TABLE> тегтері көмегімен орындалады. Оның әрбір жолы <TR> және </TR> тегтері арқылы анықталады, ал сол жолдардағы бағандар <TD> және </TD> немесе <TH> және </TH> тегтері арқылы беріледі. <TD> және <TH> тегтерінің қызметі ұқсас, бірақ <TH> тегтерімен қоршалған мәтін кестенің баған тақырыптары болып табылады, ал <TD> тегтерімен қарапайым ұяшықтардағы мәліметтер жазылады.
         Кесте тақырыбы <CAPTION> және </CAPTION> тегтерімен қоршалып жазылады.
         Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгі бойынша беріледі:
Бірақ кесте құру кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тегінің атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:
         ALIGN атрибуты кестенің бетте қалай орналастырылатынын анықтайды (егер көрсетілмесе, келісім бойынша сол жақ шетке тураланады). ALIGN мәні — қос тырнақша ішіндегі сөз, ол мына мәндердің біріне сәйкес келуі тиіс: LEFT — сол жақ шетке, CENTER — ортаға,
RIGHT — оң жақ шетке.
         BGCOLOR – кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы арқылы беріледі).
         BORDER – бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER көрсетілмесе, жақтау сызықтары көрінбейді.
         BORDERCOLOR – жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы арқылы беріледі). Бұл атрибут BORDER атрибутымен бірге қолданылады.
          WIDTH – кестенің енін анықтайтын мән. Ол пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.
          Кесте тақырыбы <CAPTION> тегімен төмендегі ережеге сәйкес беріледі:
Мұндағы атрибуттардың атқаратын қызметі мынадай болады:
         ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралау үшін қолданылады. Оның мәні мына сөздердің бірі болуы тиіс: LEFT — сол жаққа, CENTER — ортаға (егер көрсетілмесе, келісім бойынша осы мән қабылданады), RIGHT — оң жаққа. Ал егер тақырыпты вертикаль бағытта орналастыру қажет болса, онда мына мәндер қолданылады: TOP — жоғарыда, BOTTOM — төменде (келісім бойынша осы мән қабылданады).
          Кесте жолы <TR> және </TR> тегтерімен қоршалып тұрады. Бұл тегтің келесі атрибуттары болуы мүмкін:
Енді <TR> тегінің осы атрибуттарына тоқталайық.
          ALIGN – жолдағы мәліметтердің көлденеңінен туралануын анықтайды. Оның мүмкін мәндері: LEFT — сол жаққа (келісім бойынша осы мән қабылданады),  CENTER — ортаға, RIGHT — оң жаққа.
           BGCOLOR – жолдың ішкі фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы арқылы беріледі).
         BORDERCOLOR – жол жақтауларының түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы арқылы беріледі). Бұл атрибут <TABLE> тегінің BORDER атрибутының мәні нөлден үлкен болған жағдайда ғана қолданылады.
        ROWSPAN – бірнеше жолды біріктіріп, бір ұяшық ретінде көрсету үшін қолданылады. Яғни, біріктірілетін жолдар санын көрсетеді.
        Кесте жолындағы бағандар (ұяшықтар) <TD> және </TD> немесе <TH> және </TH> тегтері арқылы анықталады:
<TD> және <TH> тегтерінің атрибуттары мен қызметтері:

          ALIGN – мәтінді көлденеңінен туралау атрибуты. Мүмкін мәндері:

  • LEFT — сол жаққа (келісім бойынша);
  • CENTER — ортаға;
  • RIGHT — оң жаққа.

         BGCOLOR – ұяшықтың фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы).

         BORDERCOLOR – ұяшық шекарасының түсін анықтайды (он алтылық RGB форматында сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тегінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.
         COLSPAN – бағандар тақырыбына арналған біріктірілген жол

(ұя) ішінде орналасатын бағандар саны.
         Оқушылар тобы жайлы кесте құрып, мысал келтірейік.
Блокнот парақшасын ашып, құратын кестенің кодын блокнот
бетіне орналастырамыз.
Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап берейік
1. Web-сайттағы кесте деген не?
2. Кесте қалай толтырылады?
3. Web-бетте кесте тұрғызу не себепті маңызды?
4. Неліктен кестені құруда тегтердің дұрыс орналасу ережелерін ұстанамыз?
                                                                        
Тапсырма 2. Төменде келтірілген кесте құру ережелерін талдаңдар.
Кесте құру ережесі Себебі
1. Деректер түгел көрсетіліп тұрғаны дұрыс
2. Экранда көрсетілген кестенің мағынасына назар аудару керек
Тапсырма 3. Компьютерде орындайық
1. Блокнот программасын ашыңдар.
2. Блокнот редакторында төменде берілген HTML файл мәтінін жазыңдар.
3. HTML файлды сақтаңдар: Файл ⇒ … ретінде сақтау ⇒ Жұмыс үстелі ⇒ «Менің алғашқы web-сайтым» бумасы ⇒  файлдың атауы «Сабақ кестесі.html» ⇒ Сақтау командаларын орындаңдар.
4. Web-бетті көру үшін желі браузерін қосу керек.

Эта статья была вам полезна?

0 из 0 понравилась эта статья

Все еще нужна помощь? Напишите нам