§ 37. Практикум. HTML web-сайттарын құру

Альмаханова Гулдана Алибекқызы

Последнее обновление 5 месяцев назад

Практикумға арналған тапсырмаларды орындамас бұрын сайтта қолданылатын түстер туралы сөз қозғап өтейік.
          Түс – web-сайттың маңызды құраушысы және қолданушыларға ықпал етудің қуатты факторы. Түстер сайт қолданушыларында түрлі эмоциялар, белгілі бір іс-әрекеттерді орындауына себепші болуы мүмкін. Сайт үшін түстік гамманы таңдауда, түстер теориясының негізгі принциптерін басшылыққа алу керек.
          Кез келген сайт элементінің түсін қалыптастыруда көбінесе RGB моделі қолданылады. RGB моделі аддитивтілік принципін (ағылшын ша add – «қо су») негізге ала отырып, үш түрлі Red, Green, Blue түстері арқылы 16,7 миллион түрлі түсті береді.
         RGB-түс қызыл, жасыл, сары түстерді түрлі пропорцияда бір-біріне қосу нәтижесінде алынады (22-сурет).
22-сурет. RGB моделі

        HTML-де RGB модель түстерін жазу үшін он алтылық немесе #RrGgBb деп аталатын жазба қолданылады: әр координата екі он алтылық сан түрінде бос орынсыз жазылады. Мысалы, ақ  түстің #RrGgBb-жазбасы — #FFFFFF түрінде жазылады. Түстің ашықтығы  0–255 диапазонында анықталады (мысалы, көк түс – 0, 0, 255, қызыл – 255, 0, 0, қара – 0, 0, 0 және ақ – 255, 255, 255).


                             Негізгі түстердің RrGgBb-жазбалары
Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық
1. «Оқушы» бумасында «Менің алғашқы web-сайтым» атты бума жасаңдар.
2. Блокнот программасын ашыңдар.
3. Блокнот редакторында қарапайым HTML файл мәтінін жазыңдар.
4. HTML файлды сақтаңдар: Файл ⇒ ... ретінде сақтау ⇒ Жұмыс үстелі ⇒ «Менің алғашқы web-сайтым» бумасы ⇒ Файлдың атауы «Алғашқы бет.html» ⇒ Сақтау командаларын орындаңдар.
5. Web-бетті көру үшін желі браузерін қосу керек.

1-тапсырма. Браузер бетіне өз аты-жөндерің шығып тұратындай web-бет құрыңдар.


2-тапсырма. «Досыма хат» Браузер бетінде досыңа арналған хат шығару керек. Дос жайлы нақыл сөздерді қосып, хаттарыңды көркем түрде жазыңдар.


3-тапсырма. Құжаттың тақырыбының түсін өзгертіңдер.


4-тапсырма. Дайындаған құжаттың фон түсін өзгертіңдер.


5-тапсырма. «Менің хоббиім»

             «Менің хоббиім» туралы web-бет құрыңдар. Web-бет ортаға тураланған «Менің хоббиім» тақырыбынан, өздерің туралы қысқаша сипаттамадан және өздеріңнің қызығушылықтарың туралы (спорт, ән айту, биілеу және т.б.) тізімнен тұруы керек.

Эта статья была вам полезна?

0 из 0 понравилась эта статья

Все еще нужна помощь? Напишите нам