§ 40. Практикум. Мәтінді форматтау

Альмаханова Гулдана Алибекқызы

Последнее обновление 5 месяцев назад

Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық
1. «Оқушы» бумасында «Менің алғашқы web-сайтым» атты бума жасаңдар.
2. Блокнот программасын ашыңдар.
3. Блокнот редакторында қарапайым HTML файл мәтінін жазыңдар.
4. HTML файлды сақтаңдар: Файл ⇒ ... ретінде сақтау ⇒ Жұмыс үстелі ⇒ «Менің алғашқы web-сайтым» бумасы ⇒ файлдың атауы «Алғашқы бет.html» ⇒ Сақтау командаларын орындаңдар.
5. Web-бетті көру үшін желі браузерін қосу керек.

1-тапсырма. Жаңа жолға көшу (абзац) тегін пайдаланып өлең жолын енгізу.

Web-сайттың бетіне кез келген өлең жолын жазыңдар.
Тапсырманы орындауға арналған нұқсаулық
1. Сайттарыңның барлық файлдарын сақтайтын жеке папка құрыңдар.
2. Блокнот (Notepad) программасын іске қосыңдар (Бастау ⇒ Барлық программалар ⇒ Стандартты).

3. Файлды Тапсырма2.html (сақтау кезінде міндетті түрде HTML файлдың типін көрсетіңдер) деген атпен жеке бумада сақтаңдар.

       Web-беттерді қарау үшін браузердің кез келген программасын қолданыңдар (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox немесе басқасын). Ол үшін Блокнот программасынан шықпай, жеке папканы ашып және тапсырма2.html файлын екі рет басу арқылы браузер терезесін ашыңдар.
2-тапсырма. Экрандағы мәтіннің орналасуын бақылау
     Наурыз мерекесіне байланысты, Қазақстан халқына құттықтау жазыңдар. Нәтижесін экранға шығарып, өз қалауларыңша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңдар. Өзгерістердің браузерде енгенін тексеріңдер.
3-тапсырма. Сыныптастарыңның тізімін орналастыру
      Сыныптағы оқушылардың тізімін жазыңдар. Нәтижесіне кейін өз қалауларыңша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңдар.
      Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық
1. Енгізілген тізімдегі мәтіндерді қажеттеріңе қарайтаңдап, түстерін, өлшемін, қарпін орнатыңдар.
2. Құжат бетіне нөмірленген, нөмірленбеген тізімдерін шығарыңдар.
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді шығаратын web-бетті құрыңдар.
5-тапсырма. HTML тілінің тегтерін пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындаңдар.
1. Жұмыс күндері:
a. дүйсенбі
b. сейсенбі
c. сәрсенбі
d. бейсенбі
e. жұма
2. Демалыс күндері:
a. сенбі
b. жексенбі

 

Эта статья была вам полезна?

0 из 0 понравилась эта статья

Все еще нужна помощь? Напишите нам